«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына имамдар қатысты 3787

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына имамдар қатысты

05 қазан 2024 257 Оқу 1 минут

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке имамдар қатысты. 

Акцияның мақсаты – халықтың назарын табиғаттың ластану проблемасына аудару, тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Имамдар «Тазалық – иманның бір бөлігі» деген хадисті басшылыққа ала отырып, мұсылмандарға осындай іс-шаралардың алдыңғы қатарынан табылып, тазалық арқылы Алланың разылығына талпынып, айналасына үлгі болуымен Исламға шақыру керектігін естеріне салуда.

Әр адам жауапкершілік танытып, қаламыздың тазалығына үлестерін қосады деген сенімдеміз. Мұсылман адамның айналасы таза болуы керек.

Жоспарланып отырған бүгінгі сенбілік өз иманымызды тәжірибеде көрсетудің керемет мүмкіндігі екені сөзсіз.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі