ҚР еңбек сіңірген қайраткеріне құрмет көрсетілді
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші, композитор Құрмаш Маханға құрмет көрсетті.
Кездесу барсында облыстың Бас имамы әншіге қара шаңырақ ҚМДБ-ның «MUFTIYAT» баспасынан шыққан «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабын сыйлады.
Сонымен қатар Ақтөбе қаласында 18 күні өтетін тұңғыш шығармалық кешіне сәттілік тіледі. Ал композитор бас имамға ыстық алғысын білдірді.
Бас имаммен кездесуден кейін Құрмаш Махан «Мұнара» арнасының Ақтөбедегі студиясында қонақ болды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі