АҚТАУДА АҚСАҚАЛДАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО) 1767

АҚТАУДА АҚСАҚАЛДАР ФОРУМЫ БАСТАЛДЫ (ФОТО)

10 маусым 2022 113 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтау қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «ҚАРИЯЛЫҚ – ДАНАЛЫҚ ПЕН ӨМІР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» тақырыбындағы Қазақстанның батыс өңірі ақсақалдары форумы басталды.

Жиын Құран аяттарын оқумен басталып, ҚМДБ-ның 2022 жылы атқарған жұмыстары мен алға қойған жоспарлары жайлы арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді.

Ақсақалдар форумында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбайұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы және ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен Қазақстанның батыс өңірі ақсақалдары қатысып, баяндама жасамақ.

Айта кетейік, жыл басында ҚМДБ жанынан Ақсақалдар кеңесі құрылып, елордамызда мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, ардагер имам-ұстаздардың қатысуымен «Қариялар – ел қазынасы» тақырыбында І республикалық ақсақалдар форумы өтті. Енді міне осы үрдіс облыстарда жалғасын тауып отыр.