БАС МҮФТИ АҚСАҚАЛДАР ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ 1768

БАС МҮФТИ АҚСАҚАЛДАР ФОРУМЫНДА БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

10 маусым 2022 109 Оқу 1 минут

Ақтау қаласында өтіп жатқан «ҚАРИЯЛЫҚ – ДАНАЛЫҚ ПЕН ӨМІР ТӘЖІРИБЕСІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ» атты Қазақстанның батыс өңірі ақсақалдары форумында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы баяндама жасады.

Бас мүфти көптеген мәселелердің оңтайлы шешімін табуына себепкер болып келе жатқан қазыналы қариялардың қоғамдағы рөліне тоқталып, бүгінгі дуалы ауыз ақсақалдарымызды ауыл арасындағы дау-дамайды мейлінше мәміле аясында шешуге, жергілікті әкімдік деңгейінде қолға алынған бастамаларды ақ батамен бастауға, қоғамдағы неке мен отбасы, жақын туыс, ағайын арасы т.б. мәселелерді шешуге, ұлтаралық қақтығыстар мен руаралық алауыздықтарды мейлінше болдырмауға, деструктивті діни ағымның жетегінде кеткен жастарды жөнге салуға барынша ықпал етуге шақырды.

«Жастарға тәлім-тәрбие беруде жүріс-тұрысынан даналықтың көркем үлгісі есіп тұратын дуалы ауыз ақсақалдарымыздың орны ерекше. Өмір мектебінің сан түрлі сатысынан өткен, көпті көрген, көргенін көкейге түйген ақсақалдардың кеңесі ауадай қажет. Себебі біз болмысымыздан бір сөзбен ердің құнын кешірген, қай заманда да жүйелі сөзге тоқтаған халықпыз. Сол себепті сіздерді ел мүддесі үшін бірігіп қызмет етуге шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Сондай-ақ Ақсақалдар форумында сондай-ақ Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбайұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Амангелді Айталы және ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері мен Қазақстанның батыс өңірі ақсақалдары қатысып, баяндама жасауда.