Шалқарда бір ай бойы жалғасқан діни дәрістердің қорытынды жиыны өтті 5862

Шалқарда бір ай бойы жалғасқан діни дәрістердің қорытынды жиыны өтті

29 қаңтар 2026 50 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «Әл-Азhар» университетінің магистранты, Даруль Ифта түлегі Ерлан Матайбаев ақида және фиқh пәндерінен дәріс өткен болатын.

Атап айтар болсақ, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде ұстаз Ерлан Матайбаев күн сайын «Мажмаьул-анхур» және «Дауь маьали» кітаптарынан жамағатқа дәріс оқып, маңызды мәселелерге тоқталды. Одан өзге әр жексенбі Имам Ғазалидің «Бидая әл-хидая» кітабынан дәріс өтті.

Бір айға созылған дәрістердің қорытындысы ретінде жамағатпен арнайы басқосу ұйымдастырылды. Шара барысында Ерлан Матайбаев өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, жамағаттың білім деңгейіне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, жиналған қауымға «Білгенге амал ету» тақырыбында насихат айтты.

Шара соңында жамағат ұстазға шынайы алғыстарын білдіріп, осындай пайдалы әрі мазмұнды дәрістердің алдағы уақытта да жалғасуына ниет білдірді.