Жамағат Миғраж түнінде бас қосты
Ақтөбе қаласы “Қабақ баба “ мешітінда мүбәрак Миғраж түніне орай игі шара өтті. Шара мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының ұйытқы болуымен ұйымдастырылып, жамағатқа кең дастархан жайылды.
Қасиетті түннің маңыздылығы мен тағылымы жайында уағыз-насихат айтылып, жиналған қауымға Миғраж оқиғасының мәні, намаздың орны мен рухани тәрбиесі түсіндірілді. Жамағат бірлік пен ынтымақтың үлгісін көрсетіп, елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.
Алла Тағала осы мүбәрак түнде жасалған дұғалар мен ниеттерді қабыл етсін!








































