Шалқар: «Шәй үстіндегі сұхбат» ұйымдастырылды 2146

Шалқар: «Шәй үстіндегі сұхбат» ұйымдастырылды

01 қазан 2022 128 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында өткен «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешіті жанындағы «Шалқар» қайырымдылық мекемесінің Акт залында «Шәй үстіндегі сұхбат» ұйымдастырылды. 

«Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы асында өткен басқосуға мешіт жамағаты мен ақсақалдар қатысты.

Аталған шарада Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов, Қобда ауданының Басы Абай Шимбулатов, Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемхан Ерғазин, Ақтөбе қаласы, «Досжан Хазрет» мешітінің ұстазы Алмат Алашұлы  ынтымақ пен бірлік, бауырмалдық, білім алу –тақырыбында имани сұхбат жүргізді. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар берілді.

Шара қортындысында мешіт жамағаты ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі