«Ас-Салам қайырымдылық мекемесінде» үздіктер марапатталды 2085

«Ас-Салам қайырымдылық мекемесінде» үздіктер марапатталды

12 қыркүйек 2022 182 Оқу 1 минут

«Ас-Салам қайырымдылық мекеме» жеке мекемесінің  біржылдық кеші қарилық тобындағы шәкірттің Құран оқуымен, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының дұға жасауымен басталды. 

Салтанатты шараға облыстың Бас имамы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры Бекжан қари Әлденов.
Досжан Хазрет мешітінің имамы Үмбетов Шынболат және басқа да дін қызметкерлері, медресе ұстаздары, мекеме қамқоршылары мен тәрбиеленуші шәкірттердің ата-аналары қатысты.

Облыстың Бас имамы медресе құндылығына тоқталып, білімді ұрпақтың болашақ үшін маңыздылығын сөз етті.

Сонымен қатар мекеме директоры Сұңғат Саметов: «Тәрбиесіз алынған білім – адамзаттың қас жауы» тақырыбында насихат айтып, бала тәрбиесін медресе ұстаздарына тапсырып һәм соған қолдау білдіруге шақырды.

Одан өзге игі шарада шәкірттер мәнерлеп өлең оқып, домбырада күй шертіп, жыр- термеде орындады.

Айта кетсек, шара қортындысында 2021-2022 оқу жылында аталған мекемедегі оқу озаттары Облыс имамының атынан алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі