ҚМДБ төрағасы Есет батыр кесенесін зиярат етті 1438

ҚМДБ төрағасы Есет батыр кесенесін зиярат етті

07 наурыз 2023 88 Оқу 1 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Ақтөбе облысына жасаған сапары аясында Алға ауданындағы «Есет батыр» мемориалдық кешенінде болды.

Бас мүфти бастаған дін қызметкерлері мемориалдық кешенде батыр бабамыздың рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

«Алла Тағала елімізді қорғау жолында ерлік танытып, қаза болған ата-бабаларымызға жар болғай. Жаратушы Жаббар Иеміз ата-бабамыз аманат етіп қалдырған жерімізге берекесін жаудырып, халқымызға бақ-береке нәсіп еткей» деп дұға етті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, Есет батыр – қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырлардың бірі.