Шалқарда күрделі жөндеу жұмыстары жасалды 4867

Шалқарда күрделі жөндеу жұмыстары жасалды

22 қыркүйек 2025 86 Оқу 1 минут

Жамағат мен қала тұрғындары Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің күрделі жөндеу жұмыстарына атсалысты. 

Мешіт ұжымы еңбегімен үлес қосқан барша жамағатқа шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Қазіргі уақытта арнайы мамандардың көмегімен мешіт асханасының шатырлары қапталды. Сондай-ақ жылу жүйесі ауыстырылып, сыртқы дәретхана салынып бітті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі