Ақтөбе: «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктелді 3589

Ақтөбе: «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктелді

02 қыркүйек 2024 514 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің төрағалығымен қала имамдарына арналған кезекті жиналыс өтті.

Жиын барысында облыстың Бас имамы ҚМДБ бекіткен 5 бағыттың бірі – «Жат діни ағымдардан сақтандыру» бағыты бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, жарты тоқсанда атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.

Облыстың Бас имамы жұмыс жоспарын және оның жүргізілу барысын ортаға салып, имамдармен бірге талқылау жүргізді.

Сонымен қатар алдағы тоқсандық жұмыстарды пысықталды.Түзету мекемесінен бөлек, еркіндікте жүрген жат ағым ұстанушылармен жұмыс жасау, оны жүргізудің әдіс-тәсілдері сөз болды.

Бас имам өз сөзінде қалаға көп мән беру керектігін, оның ішінде жастардың дін ұстанудағы сенім мәселесіне басымдық беру керектігін айта келе, жат ағым топтарының көшбасшыларымен жұмыс жүргізу қажеттілігін басымдық беруді ұсынды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі