Шалқар: Ауданның имамдары зейнетке шыққан мешіт қызметкерлеріне Рамазан сыйлықтарын табыстады
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Шалқар ауданының имамдары зейнетке шыққан мешіт қызметкерлерін зиярат етіп, Рамазан сыйлықтарын табыстады.
Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбековтың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шарада имамдар Боранбайұлы Қалмұқан және Досалұлы Төлеген ақсақалдың отбасыларына Рамазан сыйын табыстап, дін жолында қызмет еткен ақсақалдардың рухына Құран оқып, дұға етті.
Бұл шараның басты мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай қызмет етіп, елеулі еңбек сіңірген тұлғалардың еңбектерін ұмытпау және жас ұрпаққа үлгі ету.
Одан кейін Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінде біраз жыл қызмет атқарып, өңірге белгілі діндар кісі болған Кереков Жақсыбай ақсақалға зиярат жасалды. Кездесу барысында Рамазан айының артықшылықтары айтылды. Сондай -ақ, Жақсыбай ақсақал сыйлап келген дін қызметкерлеріне ризашылын білдіріп, батасын берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі