Ұстаздық — ұлағатты іс, пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті 4911

Ұстаздық — ұлағатты іс, пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті

04 қазан 2025 101 Оқу 1 минут

«Бақытжан» мешітінде ұстаздар күніне орай «Ұстаздық — ұлағатты іс, пайғамбар (с.ғ.с) сүннеті» атты шара ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – ұстаздық жолдың қадір-қасиетін ұлықтау, исламдағы ілім мен тәлімгерлік ұғымының маңызын түсіндіру және ұстаздарға құрметті ұлықтау.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Раббыңның жолына хикметпен және көркем насихатпен шақыр» (Нахыл сүресі, 125-аят) – деп бұйырған.

Облыс бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегул Кушқарова «Пайғамбардың (с.ғ.с) ұстаздық жолы» тақырыбындауағыз айтып, Алла Елшісінің (с.ғ.с) шәкірттерге, сахабаларға көрсеткен өнегелі тәлімін мысалға келтірді.

Сондай-ақ «Бақытжан» мешітінің ұстазы Анар Қойшығұлова «Тәлімгер тақырыбы. Ең өнегелі шәкірттер – сахабалар еді» атты тақырыпта ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластық, білімге деген ықылас және ізденістің маңызын баяндады.

Шара қорытындысында сектор жетекшісі Кенжегүл Қушқароваға мен РАТТ мүшесі, ұстаз Ақтолқын Тажиковаға мерекеге орай арнайы сыйлықтар табысталып, ұстаз еңбегіне деген құрмет көрсетті.

«Бақытжан» мешіті ұстаздарды ұлықтау арқылы жастардың білімге, ізгілікке және имандылыққа ұмтылысын арттыруды басты мақсат тұтады.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі