Хромтауда Мәуліт кеші ұйымдастырылды 3727

Хромтауда Мәуліт кеші ұйымдастырылды

24 қыркүйек 2024 363 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен «Адамзаттың абзалы» атты рухани Мәуліт кеші өтті.

Рухани іс-шара шымылдығын наиб имам Мейрбек Абдуллин қасиетті Құран аяттарымен ашты.

Алғы сөзді алған аудан бас имамы Ерік Қонақбайұлы Мәуліт айының келуімен аудан тұрғындарын құттықтап, Алла елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі жайлы уағыз айтты.

Жамағатқа арналып викториналық сұрақтар қойылып, екі дүние сұлтанының (с.ғ.с.) ғұмырына қатысты сауалдарға жауап берген жамағатқа арнайы сыйлықтар берілді.

Шарапатты мәуліт мерекесіне келген жұртшылық ерекше әсерге бөленіп, өздерінің толқыныстарын жасыра алмады. Ұйымдастырушылар алғыстарын жаудырды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің қызметі