Ақтөбе: Құрбан айттың бірншіі күні 1720 отбасыға 13 тонна құрбандық еті үлестірілді (ФОТО) 1890

Ақтөбе: Құрбан айттың бірншіі күні 1720 отбасыға 13 тонна құрбандық еті үлестірілді (ФОТО)

09 шілде 2022 193 Оқу 1 минут

Бүгін, Құрбан айттың бірінші күнінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2022» онлайн қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша 22 іс-шара ұйымдастырылып, 338 уақ мал (қой, тоқты, ешкі), 40 ірі қара (сиыр) және 1 түйе құрбандыққа шалынып, 1720 отбасыға жеткізіліп, 13 тонна құрбандық еті үлестірілді.

Биылғы құрбандық шалу үрдісі де қашықтан және офлайн түрде ұйымдастырылып, qurban2022.kz сайты арқылы жүзеге асты. Атап айтсақ, қашықтан онлайн құрбандық шалуға ниет білдіріп, аталған сайт арқылы мал түрін таңдап, ақшасын аударған жандардың шалған құрбандықтары, сайт арқылы өтінім берген мұқтаж отбасыларға жеткізілуде.

Сонымен қатар арнайы курьерлік қызметпен жеткізілген құрбандық еттерін алған қала тұрғындары «QURBAN-2022» онлайн қайырымдылық акциясын өткізуге атсалысқан жергілікті билік мен облыс, қала, аудан мешіттеріне, жомарт жандар мен еріктілер тобына үлкен алғыс білдіріп, Алланың ризалығы мен сауабын тіледі.

Алла Тағала ізгі ниетпен шалған құрбандықтарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

 Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі