"Нұр Ғасыр": "Жылулық сыйла" акциясы өтті 2176

"Нұр Ғасыр": "Жылулық сыйла" акциясы өтті

11 қазан 2022 232 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі, "Әйел-қыздар" секторының ұйымдастыруымен "Жылулық сыйла" акциясы аясында көп балалы және аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға күздік және қыстық  киімдер таратылды. 

Алла Тағала біздерге мал-мүлік берсе, нығметіне шүкіршілік етіп, орнымен жұмсап, тіптен шүкіршілігі ретінде Алла разылығы үшін белгілі бір мөлшерін мұқтаждарға беру керектігін ескертеді. Бұл туралы Құранда былай дейді: «Сенен адамдар мал-мүліктерін қалай жұмсауы керектігі жөнінде сұрайды. Сен айт: "Оны қалай жұмсасаңдар да еріктерің. Ата-аналарыңа ма, туысқандарыңа ма, жетімдерге ме, пақырларға ма, әлде мүсәпір жолаушыға ма, бәрібір әйтеуір жасаған қайырларыңды бір Алла білмей қоймайды", (2.Бақара-215) 

Аталған қайырымдылық акция барысында  23  отбасыға 38,4кг киіммен қамтуда  "Аққу"  сауда үйінің кәсіпкерлері демушілік танытты.  "Садақа бергеннің ризығы артып, дұғасы қабыл болады" (Ибн Мәжа). Алла Тағала кәсіптеріне береке нәсіп етсін!  


Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі