Аудан имамы медресе студенттеріне шәкіртақы табыстады
Республикадағы білікті де білімді жоғары діни мамандарды дайындап шығарып жатқан ислам университеті мен 9 медресе-колледждері мешіттердегі діни кадр жетіспеушілігінің орнын толтырып келеді.
Осы орайда, ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданының Бас имамы Асемхан Ерғазин Қандыағаш қаласы жамағатымен бірге «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен кездесті. Рухани білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысып, оқу ғимараты мен жатақханасын аралады.
Медресе қабырғасында діни білім алып жатқан үздік 11 шәкіртке жалпы көлемі 55 мың теңге шәкіртақы табыстап, 60 мың теңгеге Қандыағаш жамағаты атынан дастархан жайып берді.
Мұғалжар ауданынан келген жамағатқа медресе директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков алғысын айтып, кәсіптеріне береке тіледі.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі