Аудан мешіттерінде қайырымдылық жалғасуда 441

Аудан мешіттерінде қайырымдылық жалғасуда

29 желтоқсан 2020 165 Оқу 1 минут

Баршамызға аян, ҚМДБ «Қайырымдылық және уақып істері» бөлімінің облыстардағы өкілдіктері жерігілікті мұқтаждардың мұңымен бөлісіп, қолдан келгенше қайырымдылық жасап келеді.

Аталмыш дәстүрлі игі істі жалғастырып келе жатқан Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті «Мұқтаждың мұңын бөліс» акциясы аясында 250 мың теңге қаражатқа 350 келі азық-түлік үлестірсе, Хромтау аудандық «Нұр» мешіті «Кең болсаң, кем болмайсың» атты акция аясында 6 отбасыға азық-түлікпен және 5 отбасыға 100 мың теңге қаржылай көмек берді.

Сондай-ақ, Алға аудандық мешіті атынан мүгедек жандарды қамқорлығына алған орталыққа 220 мың теңгеге кондиционер және 1 мүгедек отбасыға 130 мың теңге қаражатқа газплита табысталды. Үрдісті жалғастыра келе, Мұғалжар аудандық «Нұртай» мешіті ұжымы Ақтөбе қаласында орналасқан «Қарилар дайындау орталығының 4 шәкіртіне жалпы көлемі 20 мың теңге шәкіртақы және орталықтың өзіне 100 мың теңге қаржылай көмек көрсетті. Байғанин аудандық мешітінің жамағаты 210 мың теңге қаражатқа 12 отбасыға құрбандық еттерін таратып мұқтаждардың батасын алды. Сонымен, қатар Ақтөбе қаласы, «Бақытжан» мешіті имамдары 80 мың теңгеге 1 мүгедек жанға кресло алып беріп, «Ақтөбе» медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкіртерге 50 мың теңге шәкіртақы сыйлады.

Осылайша Ақтөбе имамдары жаны жомарт азаматтардың қолдауымен міскіндер мен мұқтаждардың көңілін тауып, Алла разылығын алу жолында барынша тыңбай еңбек етуде.


Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі