Шалқар: 50 отбасыға қайырымдылық жасалды 364

Шалқар: 50 отбасыға қайырымдылық жасалды

10 қараша 2020 188 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның Зекет қоры бөлімінің Ақтөбе облысы өкілдігі биыл жыл басынан бері бірқатар қайырымдылық шараларын іске асырды. Аталмыш бағытта Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай «Көшпелі керуен» қайырымдылық акциясы аясында жергілікті аз қамтылған мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірді. Атап айтсақ, 240 000 теңге көлеміндегі қаражатқа 50 отбасыға жалпы көлемі 350 келі азық-түлік таратты. Көмек алған отбасылар мешіт имамдарына алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі