Анаға құрмет – баршаға міндет 3745

Анаға құрмет – баршаға міндет

26 қыркүйек 2024 285 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садиев ұсынысымен Темір қалалық мешітінің имамы Ербол Балашевтің анасы Тәшбибі Балашеваның УМРА қажылығына баруына имамдар мұрындық болды. 

Ұлы Жаратушыға ғибадат ету, оған кәміл иманмен бойұсыну – пенденің жаратылыс мақсаты және Алла алдындағы құлдық міндеті. Сондай-ақ, Алланы тану – екі дүниедегі бақыттың кілті. Сол себепті Алла Тағала былай дейді: «Маған және ата-анаңа шүкір ет!» («Лұқман» сүресі, 14-аят); «Раббың Өзіне ғана құлшылық қылуларыңды және ата-анаға жақсылық қылуларыңды әмір етті» («Исра» сүресі, 23-аят). Бұл екі жерде де өзіне ғибадат пен шүкіршіліктен кейін бірден ата-анаға жақсылықты бұйыруы, оларға игілік жасап, құрмет етудің маңыздылығын бекіте түседі. Осыны қағида еткен имамдар әріптесі Ербол Балашевтың дін жолында 19 жыл қызмет еңбегін ескеріп, бірауыздан қолдау білдірді.

Сексен бес жастан асқан Тәшбибі Сұмағұлқызы қасиетті мекенге барып, құлшылығын өтеуіне атсалысқан имамдарға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» меішітінің баспасөз қызметі