Шалқар ауданына жаңа Бас имам тағайындалды 2312

Шалқар ауданына жаңа Бас имам тағайындалды

09 желтоқсан 2022 208 Оқу 1 минут

Қасиетті жұма күні ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Ақтөбе облысы, Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітіне Бас имам тағайындалды. Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы жұмаға жиналған жамағат алдында Бас мүфтидің бұйрығын оқып, халыққа жаңа имам Медетбеков Абзал Қондыбайұлын таныстырды. Сондай-ақ діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, игі істеріне дұға жасады.

Айта кетсек, Абзал Қондыбайұлы бұған дейін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.

Серікжан Еншібайұлы осыған дейін бірнеше жыл Шалқар ауданының Бас имамы қызметін атқарған Тойшыбаев Бақыт Әбдіисламұлына ерекше алғысын айтып, аудан ақсақалдары иығына шапан жапты. Аудан әкімі және жергілікті жамағат Бақыт имамға осы уақытқа дейін дін жолында ауданға сіңірген қызметіне ризышылықтарын білдіріп, ақ жол тілеп шығарып салды.


Медетбеков Абзал Қондыбайұлы

2010-2013 ж.ж. – «Астана» медресесінің түлегі

2013-2016 ж.ж. – «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі;

2017-2022 ж.ж. – Түрки елі, «Хасеки» ислами ғылым академиясының түлегі;

2022 жылдың шілде айынан бастап Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі