Қателікті қайталамау – мүміннің ісі 606

Қателікті қайталамау – мүміннің ісі

12 сәуір 2021 130 Оқу 1 минут

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) басқа бір хадисінде: «Мүмін адам бір іннен екі рет шақтырмайды», – делінген. Яғни, бұл хадис – мұсылман баласы бір қателікті екінші рет қайталамайды дегенді меңзеп тұр. Өткен жылы індет өршігенде көптеген жақындарымыздан және ірі тұлғаларымыздан айырылып қалдық. Әрине, оның басты себептерінің бірі – санитарлық талаптарға бей-жай қарау. Сол себепті, биыл да осындай жағдайларды туындатпас үшін барынша сақтық шараларын қолға алайық деп брифингте Бас имам облыс тұрғындарына үндеу жолдады.

Құрметті Ақтөбелік ағайын! Ізгі амалдардың сауабы еселенетін Рамазан айында Алла Тағала баршамызды жақсылық пен ізгілікке бастағай. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, Рамазан айының берекеті мен шарапатына бөленуді нәсіп етсін. Оразаны соңына дейін ұстап шығу үшін денімізге саулық бергей. Ықыласпен ұстаған оразаларыңыз бен берген пітір садақаларыңыз қабыл болсын!


Төлеби Оспан

Ақтөбе облысының Бас имамы