Хромтау: Аудандық мешіт алдындағы айшық жаңартылды 4955

Хромтау: Аудандық мешіт алдындағы айшық жаңартылды

24 қазан 2025 101 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ауласының алдында орналасқан айшық шағын архитектуралық нысаны жаңартылды. Бұл жұмыс Хромтау қалалық әкімдігінің абаттандыру жоспарына сай жүзеге асырылды.

Жаңартылған айшық заманауи үлгіде жасалып, жарық шамдармен көмкерілген. Бұл көрініс мешіттің сыртқы бейнесіне көрік беріп қана қоймай, қала тұрғындарына рухани әсер сыйлайды.

«Мешіт – Алланың үйі. Оның әрбір бөлшегіне мұқият қарап, таза әрі әсем ұстау – әрбір мұсылманның парызы. Айшықтың жаңаруы – осы ниеттің көрінісі», – деді ауданның Бас имамы Марал Иманғали.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі