«Бақытжан» мешітінде Құран хатым дұғасы жасалды
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде құптан намазынан кейін жамағаттың қатысуымен Құран хатым дұғасы жасалды.
Рухани шара барысында қасиетті Құран Кәрімнің толық сауабы бағышталды. Жамағатпен бірге жасалған дұғада еліміздің амандығы, халқымыздың бірлігі мен тыныштығы, отбасыларға береке және барша мұсылман қауымына жақсылық тіленді.
Құран хатымына жиналған жамағат қасиетті кітаптың маңызы мен оның адам өміріндегі рухани-тәрбиелік мәнін тағы бір мәрте сезінді. Шара соңында жиналған қауым оқылған Құран аяттарының қабыл болуын тілеп, ізгі ниетпен тарқасты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі




































