Шалқарда «ҚМДБ пәтуаларын таныстыру» атты имамдарға арналған семинар өтті
Бүгін Шалқар ауданында «ҚМДБ пәтуаларын таныстыру» атты имамдарға арналған семинар өтті.
Семинарға арнайы іс сапармен барған ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маманы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов қатысты.
Айта кетейік, аталған семинар барысында облыс бойынша «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маманы ҚМДБ бекіткен пәтуаларды таныстырды.
«Имамдарға пәтуаға қатысты сауалдар жиі қойылады,бұл саладағы шешімдерді халыққа насихаттаудың маңызы зор. Пәтуаларды насихаттау ісі – халыққа дұрыс діни ақпарат берудің алғы шарты деп білеміз»- деп, «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов Ғұламалар кеңесінде бекітілген соңғы пәтуалардың маңыздылығын түсіндірді.
Жиын соңында имамдар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пәтуа беру мәселесінің өзектілігі талқыланды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі