Ойыл: Ауданның жаңа бас имамы тағайындалды 3712

Ойыл: Ауданның жаңа бас имамы тағайындалды

21 қыркүйек 2024 403 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барғанда аудандық орталық мешітіне барды. 

Облыстың Бас имамы жергілікті жамағатпен кездесіп, мешіттің тыныс тіршілігімен танысты.

Сонымен қатар Амантай Әбілдәұлы «Исламның тірегі болған төрт хадис» тақырыбында насихат айтты.

Одан өзге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйрығымен тағайындалған ауданның жаңа бас имамы Қызырұлы Бақжарықты таныстырып, алдағы уақытта атқарар қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетсек, ауданның жаңа жаңа бас имамы Алматы қаласындағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. Осыған дейін Ақмола облысы, Есіл ауданындағы Есіл аудандық мешітінде бас имамы қызмет атқарған.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі