Шалқарда әйелдер Құрбан айтты тойлады 3419

Шалқарда әйелдер Құрбан айтты тойлады

16 маусым 2024 295 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" және қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешітінің ұйымдастыруымен әйел жамағаты Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде атап өтті.

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай және  психолог маман Құралай Құрбанова жиналған көпшілікке интеллектуалды және көңіл сергітер ойындар ұйымдастырды.

Атап айтар болсақ, "Діни сұрақ", "Сәйкестендіру", "Салт-дәстүр", "Стакан", "Ұршық иіру", "Бата", "Қораптан жасырынған затты табу" т.б ойындар ойнатылып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.