РАНТ МҮШЕСІ «ЕР АЗАМАТТАР» ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ
Ақтөбеге арнайы іс-сапармен келген РАНТ мүшесі Ералы Сапарбайұлы Кенкияқ ауылы «Үміт» мейрамханасында ұйымдастырылған «Азамат. Отбасы. Қоғам» ер азаматтар форумына спикер ретінде қатысты. Іс-шарада қазақ дәстүрі мен исламдағы ер азаматтың рөлі мен міндеттерін кеңінен баяндады. Шара барысында қолөнер көрмесі, тақырып бойынша сұқбат және қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, рухани кештің мақсатына қол жеткізілді.