Шалқар жамағаты отбасымен бірге білім сайысына қатысты
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бекіткен жылдық жоспарына сайыс «Ислам және отбасы құндылығы» жылына орай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті мен «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында білім сайысы өтті.
Бұл байқаудың ерекшелігі - отбасымен бірге сайысқа қатысты. Әкенің балаға тәлімі өнеге болды. Отбасы құндылығы насихатталды.
Шара барысында аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков білімнің артықшылығы туралы сөз сөйледі. Ал «Жанаман ахун» мешітінің ұстазы Әнуарұлы Ақансері сайыстың шартары мен ережелерін түсіндірді.
Төрт кезеңнен тұратын сайысқа 6 топ қатысты. Дұрысын тап. Сөзжұмбақ. Логикалық сұрақ. Қосымша тур кезеңдері бойынша қатысушылардың білімі сарапталды.
Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды «Жәннаттағы құрдастар», 2 орынды «Зәм зәм», 3 орынды «Маруа» тобы иеленді. Қатысушыларға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі