Кимешек тігуден шеберлік сағаты өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Ислам және отбасы құндылығы жылы» аясында 4 бағыттың бірі – «Дін мен дәстүр» бағыты аясында кимешек тігуден әйел жамағатына арналған шеберлік сағаты өтті.
Ұлттық салт-дәстүрді ұлықтап, ақ жаулықты дәріптеу мақсатында өткен игі шараға «Бір кәсіпті меңгер» тігін курсының 12 шәкірті қатысып, 4 топқа бөлініп, шеберліктерін танытты.
Игі шарада тігінші Гүлбану Ыбрайымқызы әйел жамағатына кимешек тігуден шеберлік сағатын өткізіп, кимешекті пішу,тігу әдістерімен бөлісті.
Шараның қорытындысы бойынша шеберлік сағатына қатысқан 4 топ жұмыстарын сәтті аяқтады. Үздіктер марапатталып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
















































