РАТТ мүшесі, этнограф «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болды 2974

РАТТ мүшесі, этнограф «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болды

07 қазан 2023 70 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласында ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында 2023 жылдық айтулы шаралар жоспарына сәйкес жат діни түсініктердің алдын алу мақсатында «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ ОРНЫ» атты республикалық ғылыми-танымдық конференцияға арнайы құрметті қонақ ретінде келген РАТТ мүшесі, этнограф, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев «Мұнара» телеарнасындағы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.

«Салт пен сана» кітабының авторы Сәкен Мінуарұлы бағдарлама барысына журналист Ақтолқын Тажиковаға ырым-тиымдарды ұлттық болмыс негізінде қалай талдайтындығы туралы баяндап өтті.

Сонымен қатар ырым-тыйымдардың шығу негізін білмегендіктен көптеген қате пікірлердің қоғамдағы орын алатындығын қаузады. Әсіресе, қызыл жіп, келін түскенде май іскету т.б талас тудырған ырым-тиымдарға жіті тоқталды.

Сұхбат қортындысында РАТТ мүшесі саяси бағыттағы ырымдардың да зардабын талдады.

Бағдарламаны алдағы жұма күні Астана уақытымен 11.30, 20.30-да республикалық @munara_tv_official «Мұнара» телеарнасын Отаудан 20 арна, ID тв 23 арна, ЦЭТВ 22 арнадан көре аласыздар.
Тікелей эфирде ютубтан көру сілтемесі: https://youtube.com/@munaratv

Осы жұмадағы хабар сілтемесі: https://www.youtube.com/watch?v=Lij1abdeBcc


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі