NurGasyrCUP қайырымдылық турнирінің үшінші кезеңі ұйымдастырылды 763

NurGasyrCUP қайырымдылық турнирінің үшінші кезеңі ұйымдастырылды

28 тамыз 2021 110 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облыстық өкілдігіндегі Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында футболдан облыстық турнир ұйымдастырылды.

Аталған жарысқа 8 ауданнан 14 команда құрылып, 150 адам қатысты.

Турнир қортындысы бойынша І орынды иеленіп, теміржолшылардан құрылған «Қамқор» командасы жеңімпаз атанды.

Ал ІІ орынды НұрҒасырЖас командасы, ІІІ орынды Шалқар командасы иеленсе, Ойыл командасы «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды.

Облыстық турнирдің жарнасынан жиналған қаражат көпбалалы және жалғыз басты отбасылардың балаларына мектеп құралдарын алып беруге жұмсалды.

Еске салсақ, аталған шара – NurGasyrCUP қайырымдылық турнирінің үшінші кезеңі.

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі