Ақтөбе: Бас имам мешіт тазалықшысына Умраға жолдама табыстады 5863

Ақтөбе: Бас имам мешіт тазалықшысына Умраға жолдама табыстады

30 қаңтар 2026 542 Оқу 1 минут

Бүгін қасиетті жұма күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Амантай Садиев аталған мешітте бірнеше жылдан бері қызмет етіп келе жатқан мешіт тазалықшысы Алмагүл Есмурзинаға Умра қажылығына жолдама сертификатын тарту етті.

Бас имам құлшылық ордасына сіңірген еңбегін елеп-ескеріп, сауапты қызметі үшін жұма намазға келген жамағат алдында өзінің алғысын айтты. Намаздан соң ақсақалдар баталарын беріп, рухани сапарына амандық пен сәттілік тіледі.

Осындай қуанышқа себепкер болған кәсіпкер, жомарт кісіге Алланың разылығын тілеп, кәсібі мен отбасына береке берсін тілейміз.


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі