Шалқар: Әжелер сайысы өтті
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті және «Дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Қарттарым - асыл қазынам»тақырыбында әжелер сайысы өтті.
Игі шара барысында «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында насихат айтып, тақырып аясында қатысушыларға сұрақ қойды. Ал психолог маманы Құралай Құрбанова «Қазақтың салт-дәстүрі» туралы айтып өтті.
Сайыс 5 кезеңнен тұрып, оған 6 қатысушы қатысты.
1. «Шаңырағым шаттығым»таныстыру;
2. Бесік жыры;
3. Қолөнер бұйымдарымен таныстыру;
4. Сұрақ-жауап сайысы;
5. Ұлттық тағамдардың жасалу жолдары.
Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Маржан Бекетова «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында баяндап, қатысушыларды марапаттады.
«Үздік әже» номинациясымен Роза Артықбаева марапатталды. Ал барлық қатысушыларға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі