Ақтөбе: Досжан хазірет атындағы  әйелдер орталығы ашылды 4747

Ақтөбе: Досжан хазірет атындағы әйелдер орталығы ашылды

17 тамыз 2025 314 Оқу 1 минут

«Ислам және отбасы» құндылығы жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің жылдық тапсырмасы бойынша, Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің жетекшілігімен Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет»  мешіті жанынан «Әйелдер» орталығы ашылды. 

Салтанатты ашылу рәсіміне облыстың Бас имамы, Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты, «Қабақ баба» қоғамдық қорының төрағасы Амантай Үмбетай, қаланың бас имамы Алмат Әли, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, «Әжелер» мектебінің белсенді мүшелері мен қала тұрғындары мен жамағат қатысты.

Амантай Садиев жиналған қауымды игі қуанышпен құттықтап, орталықтың бой көтеруіне атсалысқан кәсіпкер азаматтарға алғыс хат табыстады. Сауабы мол шараға мұрындық болған аталған мешіттің бас имамы Шымболат Үмбетовке алғысын білдірді. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлының «Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл» сөзін тілге тиек ете отырып, балалар жолындағы әйел кісінің мәртебесі туралы тағылымды насихат айтты. Одан өзге құрметті қонақтардың бірі дін жанашыры Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты ақ жарма тілегін айтты.

Шара қорытындысында ақ дастархан жайылып, ас берілді

Айта кетсек, жаңадан ашылған әйелдер орталығының көлемі 225 шаршы метр құрайды. Арнайы асханасы бар. Құрылыс барысында жалпы 20 миллион теңге қаражат жұмсалды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі