Шалқар: Тәуелсіздік күніне орай сайыс ұйымдастырылды 2314

Шалқар: Тәуелсіздік күніне орай сайыс ұйымдастырылды

11 желтоқсан 2022 251 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында Матай Қоқанұлы мешітінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік мерекесіне орай  "Елімнің бақытын тербеткен  Тәуелсіздік" атты мектеп оқушылары арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті.

Шара барысында "Жанаман ахун" мешітінің имамы Асан Жетпісбаев Құран оқыса, Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков Тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларға Құран сауабын бағыштап, дұға жасады.  Ал мешіттің ұстазы Бақытнұр Нұрмағамбетова жүргізді.

Сонымен Сайысқа 35 оқушы қатысты. Оларды  аудандық 5 мектеп лицейіндегі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мөлдір Ізбасарова мен аудандық орталық кітапхананың қызметкері Айнұр Серімбетова  әділқазы ретінде бағалады.

Жарыс қортындысы бойынша І орынды (20 000 тг) Нұргелді Дияр, ІІ орынды Жұмахан Абдулкадир (15 000 тг), ІІІ орынды Амандық Нұралхан (10 000 тг) иеленсе, ал барлық қатысушыларға ынталандыру мақсатында алғыс хат табысталды. 


 

Ақтөбе облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі