ЖШС «Рамазан құс» фабрикасында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді
Ақтөбе қаласында орналасқан ЖШС «Рамазан құс» фабрикасында кезекті аудит жұмыстары жүргізілді.
Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Даму» ұйымының технолог мамандары Гүлмира Маратқызы мен Ақмаржан Ержанқызы орындады.
Тексеру барысында фабриканың өндірістік аумағындағы санитарлық-гигиеналық жағдай, жабдықтардың тазалығы, құстарды күтіп-бағу, бауыздау және етті өңдеу үдерістері, сондай-ақ жұмыртқа өндірісі мен оның сақталу және қапталу талаптары жан-жақты зерделенді.
Тексеру нәтижесінде кәсіпорынның өндірістік процестері мен дайын өнімдерінің халал стандарттарына толықтай сай екендігі расталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































