Жамағат арасында теннистен жарыс өтті 3261

Жамағат арасында теннистен жарыс өтті

06 наурыз 2024 980 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен командалық жарыс өтіп, оған 20 адам қатысты.

Алдымен аудан имамы Абзал Медетбеков сөз алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Үстел теннисі сайысы қызықты да тартысты өтті . Жарысқа мешіт қызметкерлері мен жамағатынан 30 адам қатысты. Әр ойыншы өзінің шеберлігін танытып, спортқа деген қызығушылығын көрсете білді.

Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Қарилар» командасы, екінші орынды «Жамағат» командасы, үшінші орынды «Матай Қоқанұлы» командасы жеңіп алды. Ал, «Жанаман ахун» командасы алғыс хатқа ие болды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталып, медальдар мен қаржылай сыйлық табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің

 баспасөз қызметі