25 түп терек ағашы отырғызылды 2242

25 түп терек ағашы отырғызылды

01 қараша 2022 152 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешінде Бас имам Нұрлыбек Шакизадаұлының бастамасымен мешіт айналасын көгалдандыру мақсатында 25 түп терек ағашы отырғызылды. 

Аталған игі бастамаға мешіттің имамдары, ұстаздары мен қызметкерлері атсалысты.

Жалпы қоршаған ортаны көгалдандыру мен ағаш егуге қатысты ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әлдебір мұсылман егер ағаш көшетін отырғызса, немесе егін ексе, кейін оның жемісінен адам жесе де, құс шұқыса да, мал жесе де, ол үшін садақа болып жазылып тұрады»,-деген. Демек, қоғамға пайдалы әрбір іс — сауапты амалға себеп болмақ.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі