Шалқар: Тазалық –  иманның жартысы 1564

Шалқар: Тазалық – иманның жартысы

21 сәуір 2022 79 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ауласында абаттандыру, тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қоршаған ортаның тазалығына мән беріп, көңіл аудару әрбір мұсылман баласының бұлтартпас борышы. «Тазалық – иманның жартысы» деген хадисті ту еткен мешіт қызметкерлері мен жамағат имандылық ордасының ажарын аша түсті.

Жылдағы үрдіс бойынша Алла үйінің ауласындағы тал, терек, шыршалардың түптері әктеліп, көгал түрлі қоқыстардан тазартылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі