Ақжар ауылында ауызашар берілді 1565

Ақжар ауылында ауызашар берілді

21 сәуір 2022 116 Оқу 1 минут

Хромтау ауданы, Ақжар ауылындағы «Ақжар» мешітінің ұйымдастыруымен «Талғат» кафесінде ауыл тұрғындары мен жамағатқа ауызашар берілді. 

Игі басқосуда ауылдық округтің әкімі Болатбек Жалғасұлы жиналған қауымды қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар ауылдың имамы Қашақбай Ахметқалиұлы ұлық айдың қадір-қасиетіне тоқталып, осы айда жомарттық жасаудың артықшылығы туралы уағыз-насихат айтты. Одан өзге имам ауызашар дастарқанына демеушілік жасаған ауыл жамағаты мен демеушілеріне алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр»мешітінің баспасөз қызметі