Әкімшілік қызметкерлеріне ауызашар қоржыны тарту етілді
Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы, "Бегімбет" мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен ауыз бекіткен әкімшілік қызметкерлеріне қасиетті Рамазан айының құрметіне орай "Рамазан қоржыны" атты ауызашар пакеті тарту етілді .
Сондай-ақ, Нұрдәулет Әуезов қызметкерлерді ұлық аймен құттықтап, құлшылық айының маңыздылығына тоқталды.