Шалқар: мешіт жанынан асхана ашылды 989

Шалқар: мешіт жанынан асхана ашылды

22 қазан 2021 134 Оқу 1 минут

Бүгін Шалқар ауданы, Бозой ауылында «Аманғали ахун Итесұлы» атындағы мешіт асханасының ашылу салтанаты өтті.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли, Шалқар ауданының Бас имамы Бақыт Абдиисламұлы мен Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидеханов және басқа да құрметті қонақтар қатысты.

Шара барысында облыстың Бас имамы Аманғали ахунның өмірі мен қызметіне тоқталып, сонымен қатар елжанды азаматтардың еңбегін айтып, игі іске атсалысқан жандарды алғыс хатпен марапаттады. Одан өзге асхана игілікті шараларға толы болсын деп дұға жасады.

Ал шара қортындысында ақсақалдар батасын берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі