ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СПОРТШЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ 5234

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ СПОРТШЫЛАРҒА НАСИХАТ АЙТТЫ

27 қыркүйек 2025 2 Оқу 0 минут

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Маңғыстау облысына барған сапарында Ақтау қаласында спортшылармен кездесіп, насихат айтты. Бас мүфти спортшыларға рухани бірлікті нығайтудың маңызын айрықша атап өтті.

«Қазір еліміздегі мұсылман қауымының рухани бірлігін нығайту аса маңызды істің біріне айналды. Ол үшін бізге өзара жанашырлық пен дұрыс түсінік қажет. Егер дінге қатысты қандай да сұрақтарыңыз болса, мүфтият қызметкерлеріне немесе осындағы имамдарға қойсаңыздар болады. Мүфтият жанындағы Ғұламалар кеңесі діни өзекті мәселелерге қатысты тиісті пәтуалар мен құжаттар қабылдап келеді. Сондықтан ортақ пәтуаға бағынсақ, бірлігіміз нығая түседі. Бауыржан атамыз: «Тәртіпке бағынған құл болмайды», – деп текке айтпаған. Әрқашан бірлігімізді көрсетіп жүрейік» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Кездесу барысында Бас мүфти спортшылардың сұрағына жауап беріп, ел игілігі мен рухани бірлігі үшін арнайы дұға жасады.