Облыстың Бас имамы жұма намазын жүргізді 990

Облыстың Бас имамы жұма намазын жүргізді

10 желтоқсан 2021 102 Оқу 1 минут

Бүгін Шалқар ауданына арнайы сапармен келген Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы жергілікті жамағатпен жүздесіп, жұма намазын жүргізді.

Облыстың Бас имамы Бозой ауылындағы «Аманғали ахун Итесұлы» мешітіне жиналған жамағатқа «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мейірімі тақырыбында уағыз айтып, жамағатпен бірге жұма намазын оқыды.

Сондай-ақ ел амандығы мен тыныштығы үшін Жаратқаннан дұға тіледі.

Одан өзге іс-сапар барысында «Аманғали ахун Итесұлы» мешіт асханасының ашылу салтанатынан кейін жамағатқа дастархан басында Серікжан қажы Еншібайұлы «Дін мен дәстүр» сабақтастығы аясында уағыз айтты.

Ал сапар қортындысында Есет батыр Көтібарұлы кесенесін зиярат етті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі