Қысқа мерзімде намаз оқытып үйрету курсы 4295

Қысқа мерзімде намаз оқытып үйрету курсы

10 наурыз 2025 35 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазірет Рамазан айын орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ашылған қысқа мерзімде намаз оқып үйрену курсын басталып, оған шаһар тұрғындары, оның ішінде нәзік жандылар көптеп келіп жатыр. 

Намаз – ең маңызды, мағынасы мен мәні терең құлшылық. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) намазды «Діннің тірегі», «Мүминнің миғражы», «Жұмақтың кілті», «Көзімнің нұры» деп атауының өзі намаз оқудың қаншалықты маңызды екендігінің көрінісі.

Мешіт ұстаздары Кенжегүл Кушкарова, Айнұр Мырзабаева және Ақмарал Сансызбай намаздағы сүрелер мен дұғаларды жаттатып, дәретті дұрыс алуды үйретіп қана қоймай жамағатқа ораза бабы бойынша дәрістер өткізіп жатыр.

Сонымен қатар Құран әліппесін оқимын және жаттаймын деген ақ жаулықты аналар мен қыз –келіншектер Рамазан айында мүмкіндіктеріңізді жіберіп алмаңыздар.

Айта кетсек, мешіттерде дәрістер тегін оқытылады. Рамазан айында дәрістер кестесі - 11:00 -15:00 аралығында.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі