100 отбасыға Ораза айт қоржыны табысталды 1650

100 отбасыға Ораза айт қоржыны табысталды

03 мамыр 2022 104 Оқу 1 минут

Күллі мұсылманның ұлық мерекесі Ораза айт мейрамына орай облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде 100 отбасыға Ораза айт қоржыны табысталды.

Игі іс Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының мұрындық болуымен, ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Іс-шарада 1 тонна 425 кг-ды қамтитын азық-түліктен құралған айт қоржыны аз қамтылған, көп балалы және мүмкіндігі шектеулі отбасыға үлестірілді.

Облыстың Бас имамы жиналған қауымды ораза айт мерекесімен құттықтап, сауапты іске атсалысқан дін жанашырларына алғысын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі