Шалқар: «Ислам және отбасы құндылығы» туралы насихат айтылды
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің азаншысы Қайрат Қаймолдин «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында неке қию салтанатында жұбайларға өмір жолындағы құндылықтарды еске салу мақсатында насихат айтты.
Сонымен қатар, имам адалдық, сабырлық және бір-біріне деген қолдаудың отбасындағы үйлесімділіктің негізі екендігін жеткізді. Неке қию салтанаты жұбайлар мен олардың отбасыларының қуанышын бөлісіп, мейрамның жүрегінен шыққан жылы лебіз бен ризашылықпен өткенін атап өтті.
Қатысушылар имамның насихаты мен кеңестерін жоғары бағалап, оларды өз өмірлеріне белсене енгізуге ниет білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі