Ел үлесі пәтерге: Ауыл имамына жеке баспана берілді 179

Ел үлесі пәтерге: Ауыл имамына жеке баспана берілді

26 қыркүйек 2020 262 Оқу 1 минут

Садақа - береке кілті. ҚМДБ «Зекет» қоры мен Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» акциясы жемісті қызмет етуде.

Кеше, ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай, Бас мүфтидің үндеуіне үн қоса отырып, ауыл имамдарын қолдау мақсатында Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылының имамы Маусымов Әділетке Жем қаласынан 3 бөлмелі жеке баспана тарту етілді. Қаражат ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен жиналған. Аталмыш пәтер Республика бойынша 277-ші, ал Ақтөбе облысы бойынша 12-ші баспана болып отыр.

"Ел үлесі пәтерге" жобасы – ҚМДБ-ның Зекет қоры бөлімінің Республика бойынша өткізіп келе жатқан қайырымдылық шарасы. Мақсаты – көп балалы және мұқтаж отбасыларға баспана алып беру.

Небәрі бірнеше айдың көлемінде имамға қуаныш сыйлап отырған бұл жоба әрі қарай жалғасын таппақ. ҚМДБ-ның Ақтөбе облыстық өкілдігіне қарасты имамдар жыл соңына дейін жамағаттың атсалысуымен облыстың басқа аудандарында мұқтаждарға баспана алып беруді жоспарлауда.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі