Хромтау: Аудандық мешіттің кілемі жаңартылды
Хромтау аудандық «Нұр» мешітіне жаңа кілем төселді.
Жалпы көлемі 10.50 шаршы метр болатын кілемге 3.500000 теңге қаражат жұмсалды. Жаңадан төселген жасыл кілеммен мешіт көркі жаңарды.
Айта кетсек, құлшылық ордасы аудандық мешітте кілем 3 жылдан кейін жаңартылды. Көне кілемді жаңартуға атсалысқан дін жанашырлары мен игі жандарға алғыс айта отырып, игілікті істеріңізге, кәсіптеріңізге Алла берекетін берсін дейміз!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі